«АЕМ» бөбекжай балабақшасы  жаңа Құрсай мөлтек ауданында  орналасқан. Балабақша ұжымы  білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикелерден құралған. Қызметкерлердің басты мақсаты балалардың жан- жақты дамуына толыққанды  жағдай жасау . Білім беру және тәрбиелеу мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына және бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама мектепке дейінгі  жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалар негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға бағытталған.

Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына  сай, сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген.    

Балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі инновациялық технологиялар қолданылады: Монтессори элементтері, ТРИЗ технологиясы, балаларды шынықтыруда дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер қолданылады.

         Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген.Жыл бойы балаларға жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі.

Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ата-аналармен біріге отырып балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелейміз.

Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!