Таңертен балаңызды жуындырып, Таза,ыңғайлы,әдемі,тартымды киіндіріп.
Балабақшаға ертіп келіңіз. Егер де бала ұқыпты киінген болса, Онда оған да,үлкендерге де сүйкімді болады.

Егер де сіздің балаңызды денсаулығы нашарласа , Жедел түрде дәрігерді шақырыңыз.
Мұндай жағдайда ұмытпай, Біздерге ауырғаны жөнінде хабарлаңыз.

Үшінші ережені есте сақтауыңызды сұраймыз
Құрметті аналар,әкелер және балалар Таңертен өтінеміз,ұзақ ұйықтамаңыз.
Таңертенгі жаттығудан кешігіп қалмаңыз.
Бізге балабақшаға тездетіп жетіңіз, Бұл пайдалы екенін айтуға рұқсат етіңіз.

Кешкісін уақытыңызды бос өткізіп алмай, Балаңызды уақытылы,кешікпей алып кетіңіз.
Егер де балаңыз сабырлы және көңілді болса, Сіз балаңызмен бірге өте бақытты сезінесіз.